Филиппинде тайфун құрбандарының саны 300-ден асты

24 Желтоқсан 2021, 01:25
949
Бөлісу:
Филиппинде тайфун құрбандарының саны 300-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңестің (NDRRMC) мәліметінше, Филиппиндегі (жергілікті аты Одетта) «Rai» тайфунынан қаза тапқандар саны 300-ден асты. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бұған дейін Франс Пресс агенттігі полицияға сілтеме жасап, 208 адам қайтыс болғанын хабарлаған. Өз кезегінде Филиппин билігі 156 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, 275 адам зардап шекті, тағы 37 адам із-түзсіз жоғалған деп саналады.

Жұма күні, Рождество мерекесіне бір күн қалғанда NDRRMC тайфун құрбандарының саны 326-ға жеткенін хабарлады. 661 тұрғын зардап шекті, 58-і хабар-ошарсыз кетті, – делінген агенттік CNN Philippines арнасына берген мәлімдемесінде.

Елдің жаңа тарихындағы ең адам өлімінің бірі болған «Rai» тайфуны 16 желтоқсанда Филиппин жағалауларына жетіп, көшкін мен су тасқыны қаупін тудырды. 300 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Тайфун қатты желмен бірге жүрді.

Өзгелердің жаңалығы