Филиппинде Нору тайфунынан 10 адам мерт болды

29 Қыркүйек 2022, 11:20
663
Бөлісу:
Филиппинде Нору тайфунынан 10 адам мерт болды

Осы демалыста Филиппинге келген «Нору» тайфунынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, 8 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық табиғи апаттар кеңесінің ресми өкілі Рафаэлито Алехандро мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Ол кеңестің қаза тапқан 10 адамды тіркегенін, соның ішінде бесеуі құтқарушы болғанын мәлім етті. Олар Маниладан солтүстікке қарай Булаканада «Нору» құрлыққа жеткенде мерт болған.

Із-түзсіз жоғалғандар саны сегіз адамға жетті - бесеуі Солтүстік Камаринестеннен, екеуі Рисальдан және біреуі Кесон провинциясынан.

«Нору» дүйсенбі күні Филиппиннен кетті.

 

Өзгелердің жаңалығы