Филиппинде көпір опырылып, 5 адам қаза тапты

25 Шілде 2023, 17:10
561
Бөлісу:
Филиппинде көпір опырылып, 5 адам қаза тапты
Фото: Нұркен Алишев - архив

Филиппиннің оңтүстігіндегі Давао қаласында салынып жатқан болат көпір опырылып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, оқыс оқиға дүйсенбі күні сағат 15:30-да болды. 

Жүк көтергіш кранмен көпірдің бүйірлік панелін орнатып жатқан кезде ғимарат құлап, 7 адам астында қалған. 

Полиция қызметкерлері жазатайым жағдай салдарынан екі адам ауыр жарақат алғанын мәлімдеді. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Бұған дейін Ауғанстанның Вардак провинциясының бір бөлігінде қатты жаңбыр жауып, салдарынан су тасқыны болғаны хабарланды. Салдарынан 40-тан астам адам қаза болды.

Аударған: Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы