Филиппин жағалауында болған жер сілкінісінен 8 адам қаза тапты

27 Шілде 2019, 15:14
1683
Бөлісу:
Филиппин жағалауында болған жер сілкінісінен 8 адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Елдің Итбайят аралының шығысында араға үш сағат салып 5,4 және 5,9 баллды жер сілкінісі болған. Нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, тағы 12-сі жарақат алған. Бұл туралы ria.ru сайтында хабарланды.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мамандары Итбайят аралының шығысында 12 шақырымдық жерде қатты сілкініс болғанын тіркеген. Сілкініс ошағының тереңдігі – 10 шақырым.

Ел билігі қаза болғандар мен жарақаттанғандар саны уақыт санап өсетінін жоққа шығармайды. Филиппиннің вулканология және сейсмология институты соңғы жер сілкінісінің күші 5,9 емес, 6,4 балл болғаны туралы дерек алған.

Құтқарушылар цунами қатері туралы әзірге хабарлаған жоқ.

2018 жылы Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісің арты цунамиге ұласып, 1200 адам қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы