FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатының логотипін жариялады

18 Мамыр 2023, 22:07
841
Бөлісу:
FIFA 2026 жылғы Әлем чемпионатының логотипін жариялады
Фото: FIFA

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2026 жылғы Әлем чемпионатының логотипін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Логотип суреті ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Эмблема әлем кубогының және турнирдің өткен жылының суретін қамтиды.

Турнирдің ұран сөз – «We are 26».

Лос-Анджелестегі футболдағы аңыз адамдар мен Канада, Мексика және АҚШ-тан арнайы келген қонақтар қатысқан арнайы іс-шара барысында тұсау кесер рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараның басты тұлғалары FIFA президенті Джанни Инфантино және Бразилия құрамасы сапында екі дүркін әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Роналдо болды.

Сондай-ақ FIFA жақын арада Әлем чемпионаты матчтарын қабылдаушы АҚШ, Канада және Мексиканың 16 қаласы бойынша әрбірінің логотиптері көпшілікке ұсынылатынын хабарлады.

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына 48 команда қатысады. Бұған дейін ең көп дегенде 32 құрама өнер көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы