Фейк. Шетелде тіркелген 50 аккаунт анықталып, 13 қылмыстық іс қозғалды – Әділов

16 Ақпан 2022, 21:21
1348
Бөлісу:
Фейк.  Шетелде тіркелген 50 аккаунт анықталып, 13 қылмыстық іс қозғалды – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат тарату жиіледі. Фейк хабарлардың аталып кеткендердің негізгі үлесі шетелден келеді. Бүгінгі таңда шетелде тіркелген 50 аккаунт тіркелді. Қылмыстық кодекстің 274 бабы бойынша 13 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша 13 қылмыстық іс тіркелді. Екі адам қамауға, екі адам үйқамаққа алынды, - деді ол. 

Әділов өңірлерде жалған ақпарат таратқандар туралы айтты.

Азаматтарды арандатуға көнбеуге және тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары тергеу бойынша қажырлы жұмыс атқарып жатыр. Тергеу амалдарына шыдамдылықпен қарауға шақырамыз, -деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы