FEI турнирі: Астанада өтіп жатқан турнирде қазақстандық шабандоздар жүлдеге ілікті

Елордада FEI Jumping World Challenge Final 2026 және CDI FEI Dressage халықаралық жарыстары аясында конкур мен атпен мәнерлеп жүруден жеңімпаздар анықталды.

 Бүгiн 2026, 14:20
Бүгiн 2026, 14:20
131

Астанада FEI Jumping World Challenge Final 2026 және CDI FEI Dressage халықаралық турнирлері аясындағы жарыстар жалғасып жатыр. 29 мамыр күні елордада конкур мен атпен мәнерлеп жүру бағыттары бойынша халықаралық сындар өтіп, спортшылар өзара мықтыны анықтады.

FEI Jumping World Challenge Final 2026 турнирінің алғашқы іріктеу сыны 220.2.1.1-бап бойынша 115 сантиметр биіктікте ұйымдастырылды. Қатысушылар кедергілер бағытын бір айналымда, қайта секірусіз, таза әрі жылдам өту бойынша бақ сынады.

Халықаралық жарысқа түрлі елден келген спортшылар қатысып, FEI әлемдік челленджі финалының келесі маңызды кезеңдеріне жол ашты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, бағытты дәл бағындыру шеберлігін және тұрақты техникасын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орын – Хуршидбек АЛИМДЖАНОВ (CHAMPIONS LEAGUE)
  • 2-орын – Бекжан БАЙЖАНҰЛЫ (KING DIAMOND)
  • 3-орын – Ринат ГАЛИМОВ (D’ARTAGNAN Z)
  • 4-орын – Ринат ГАЛИМОВ (KIRA VAN DE LAREN Z)
  • 5-орын – Раиса СОКОЛЕНКО (CLUE GOLD)

Сонымен қатар Астанада CDI 1-3 FEI Dressage халықаралық турнирі аясында GRAND PRIX «BANK CENTER CREDIT CUP» жарысы өтті.

Grand Prix бағдарламасы жарыс күніндегі басты сындардың бірі саналды. Манежде атпен мәнерлеп жүру бағытының үздік спортшылары өнер көрсетті. Бұл бағдарламада әр элементтің дәлдігі, қимылдың мәнерлілігі, ырғақтың тұрақтылығы және спортшы мен ат арасындағы үйлесім ерекше бағаланады.

Төрешілер техникалық орындалу деңгейін, әртістік қабілетін, тізгінді басқаруды және жалпы әсерді саралады. Grand Prix бағдарламасы атпен мәнерлеп жүру спортының жоғары мәдениетін тағы бір мәрте көрсетті. Мұнда күш – сабыр арқылы, ал шеберлік дәлдік арқылы танылады.

Жарыс нәтижесі бойынша:

  • 1-орын – Alina SHEVSOVA (ZAMPERONI) – 60.739%
  • 2-орын – Ekaterina KARKAVTSEVA (BOTSMAN) – 58.630%
  • 3-орын – Olga SIMONOVA (RANDY)

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Olga SIMONOVA RANDY атты серігімен үздік үштіктен көрініп, үшінші орынды иеленді.

Наверх