Фастфудты көп жеу диабетке шалдықтыратыны анықталды

3 Қараша 2021, 15:30
914
Бөлісу:
Фастфудты көп жеу диабетке шалдықтыратыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йорк университеті Гроссман медицина мектебінің ғалымдары осындай тұжырымдамаға келді. Олар фастфуд дүңгіршектері көп орналасқан аудан тұрғындары диабетке шалдыққанын анықтады деп жазады JAMA Network Open журналы.

Мамандар арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп, пациенттердің орналасқан жері мен фастфудтың байланысын және адамдардың денсаулығын байланыстыруға тырысқан. Жылдам дайындалатын тағамдары көп аудан тұрғындарының 13,2%-да екінші типті қант диабеті диагностикаланған.

Ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек ауырған. Ал аурушаңдықтың төмен деңгейі қаланың сыртындағы аудандар мен шағын қалаларда тұратындарда байқалыпты.

Ғалымдардың айтуынша, жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие ер адамдардың дендері басқаларына қарағанда сау болып шыққан.

Өзгелердің жаңалығы