EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашты

14 Желтоқсан 2021, 11:35
1468
Бөлісу:
EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада EXPO іскерлік орталығының аумағында ашық алаңда конькимен сырғанаудың V маусымы ашылды.

Сыйымдылығы 200 адамға дейінгі EXPO мұзайдыны елорданың ең көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбінде орналасқан. Мұзайдынның ауданы 1 500 шаршы метр.

EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашты

Конькимен сырғанау барлығына тегін. EXPO мұзайдыны жұмыс күндері 12:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашты

Келушілер үшін киім ауыстыратын жылы бөлме қарастырылған. Сондай-ақ мұзайдынның жанындағы тамақтану орындарына барып демалуыңызға болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 3 мың автокөлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты тұрағы бар, - делінген QazExpoCongress баспасөз қызметінің хабарламасында.

EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашты

Мұзайдынына өз конькиіңізбен келуге немесе сол жерде жалға алуға болады. 2 сағаттық сеанс 500 теңге тұрады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер маска тағып және әлеуметтік арақашықтықты сақтаулары қажет.

Өзгелердің жаңалығы