EXPO аумағында мұзайдыны ашылады

19 Желтоқсан 2022, 15:02
695
Бөлісу:
EXPO аумағында мұзайдыны ашылады
PHOTO

19 желтоқсанда елордада EXPO іскерлік орталығының аумағында ашық аспан астындағы мұзайдыны маусымының дәстүрлі ашылуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

150 адамға арналған EXPO ашық мұзайдыны NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының маңында орналасқан. Мұз жамылғысының ауданы 1300 шаршы метрден асады.

Мұзайдынына кіру тегін. EXPO мұз алаңының жұмыс уақыты жұмыс күндері сағат 12:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

EXPO аумағында мұзайдыны ашылады

Келушілер үшін киім ауыстыратын бөлме, қоғамдық тамақтану орындары және тәулік бойы жұмыс істейтін 3 мың автомобильге арналған жерасты паркингі қарастырылған.

Сіз мұзайдынына өз конькиіңізбен кіре аласыз, ал конькиіңіз болмаған жағдайда дәл сол жерде жалға ала аласыз. Конькиді жалға алу сағатына 500 теңге тұрады.

Өзгелердің жаңалығы