«Eurovision 2023» байқауы Украинада емес, Британияда өтеді

25 Шілде 2022, 21:52
1378
Бөлісу:
«Eurovision 2023» байқауы Украинада емес, Британияда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Eurovision 2023» ән байқауын Украина емес, Ұлыбритания өткізетін болды. Бұл туралы байқау комиссиясы твиттер парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, биыл мамырда өткен ән додасында украиналық Калуш рэп тобы жеңіске жеткен еді.

Дода шарты бойынша, халықаралық байқау жеңімпаздың елінде өтуге тиіс. Алайда Украинадағы қазіргі ахуалды ескере отырып, ұйымдастырушылар шешімін өзгертті. Сөйтіп, Ұлыбритания байқауда екінші орынға ие болғандықтан келесі жылғы Eurovision байқауын өткізу құқығын иеленді.

Өзгелердің жаңалығы