Францияның оңтүстігінде суды асыра пайдалануға қатаң шектеулер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті билік тұрғындарға хауыздарды толтыруға және бақша суаруға тыйым салып жатыр. Суды үнемдеу мақсатында осындай шектеулер енгізуге мәжбүр.
Гард департаменті суды шектеу үшін ескерту жұмыстарын бастап кеткен.
Жыл басынан бері құрағақшылық болатын болжадық, өйткені қыркүйек айынан бері жауын-шашын тапшылығы шамамен 40-50% болды. Соңғы үш аптада болған дауылға қарамастан, құрғашылық байқалуда. Бізде өзен қоры мен жер асты суларының деңгейі толтырылған жоқ, - дейді Теңіз басқармасының директоры Себастьян Феррат.
Еске салайық, қазір Еуропаның үштен бір бөлігі құрғақшылықтан зардап шегуде. Ал континенттің 10 пайызы дағдарыс жағдайында.