Еуропаның үш мемлекетінде карантин шаралары қатаңдатылды

28 Наурыз 2021, 16:46
1295
Бөлісу:
Еуропаның үш мемлекетінде карантин шаралары қатаңдатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен сенбіден бастап Польшада қосымша шектеулер шаралары енгізілді. Олар кем дегенде екі аптаға созылады. 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың хабарлауынша, елде үлкен көлемдегі тұрмыстық дүкендер жабылуда, қалған сауда орталықтарында сатып алушылар санына қатаң шектеулер енгізілуде. Шаштараздар мен сұлулық салондары жабылады, ал балабақшаларды тек дәрігерлердің, әскери қызметшілердің, полиция мен өрт сөндірушілердің отбасылары ғана пайдалана алады.

Бельгияда сенбіден бастап тұрмыстық заттар дүкендеріне тек алдын ала жазылу арқылы кіруге болады. Сұлулық салондары мен шаштараздар толығымен жабылған. Ал дүйсенбіден бастап балабақшалардан басқа барлық оқу орны қашықтан жұмыс істеу режимге көшеді. Өткен аптада Бельгияда індеттің жұғу қарқыны 40%-ға өскен.

Португалияда оқытушылар, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілерін AstraZeneca вакцинасымен егу басталды. Аталған препаратты қолдану өткен дүйсенбіден бастап қайта басталды. Ел билігі жаңа егу орталықтарының ашылуымен вакцинацияны жеделдету арқылы шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуге үміттеніп отыр, бірақ әзірге төтенше жағдай режимі тағы бір рет ұзартылды.

Өзгелердің жаңалығы