Еуропаның кейбір елдері вакцинаның екі екпесінің аралығын ұзарта бастады

3 Мамыр 2021, 12:28
1422
Бөлісу:
Еуропаның кейбір елдері вакцинаның екі екпесінің аралығын ұзарта бастады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның кейбір елдері вакцинаның екі екпесінің аралығын ұзарта бастады. Оған әртүрлі себептер бар.

Украина

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі CoviShield вакцинасының екі екпесінің аралығын 28 күннен 90 күнге дейін ұзартқан. Бұл туралы наурыз айындв Украинаның бас санитар дәрігері Виктор Ляшко мәлімдеген болатын. 

Денсаулық сақтау министрлігі CoviShield вакцинасынан қорғаудың максималды деңгейіне жету үшін дозалар арасындағы бастапқы аралықты арттыру керек деп шешті,- дейді ол. 

Ляшконың айтуынша, бұл 4-12 апта ішінде екінші дозаны салуды көздейтін өндірушінің нұсқауларына қайшы келмейді.

Мұндай шешім Lancet ғылыми журналының 6 наурыздағы дозалар арасындағы аралықты арттыру тиімділігі туралы ақпаратты жариялағаннан кейін қабылданған.

Зерттеуге сәйкес, вакцинаның тиімділігі алғашқы дозадан соң, 22 күнен 90 күнге дейін кезеңде 76%-ы құрайды екен. Сол уақытта антиденелердің деңгейі минималды төмендейді.  Екінші вакцина 12 аптадан соң немесе одан кейін жасалса, вакцина 81,3%-ға тиімді.  Сонымен қатар дозаның арасындағы аралық тек 14 күн болса, вакцинаның тиімділігі 66,7 % екен.

The Lancet жариялаған зерттеуден соң, Канада, Германия және Франция вакцинация арасындағы аралықты арттыруды ұсынды. 

Чехия

Наурыз айының соңында Чехияның денсаулыққа қауіп-қатер жөніндегі үкіметтік кеңесі Pfizer / BioNTech және Moderna коронавирустық вакциналарының бірінші және екінші дозаларын салк арасындағы аралықты 42 күнге дейін арттыруды мақұлдады.

Жаңадан  өтініш берушілер Pfizer / BioNTech және Moderna вакциналарының екінші дозасын 42 күннен кейін алады. Кәсіби тұрғыдан бұл қалыпты жағдай, алаңдаудың қажеті жоқ, - деп атап өтті Чехияның Денсаулық сақтау министрлігі Twitter парақшасында. 

Италия

Сәуір айының басында Италияның да Денсаулық сақтау министрлігі аралықты ұзартты. Енді Pfizer және Moderna вакциналарының екі екпесінің аралығы бұрынғыдай 21 немесе 28 күн емес, 42 күн болды.  

Мұндай аралықтың болуы - вакцинамен қамтамасыз ету проблемасы туындаған кезеңде көбірек азаматтарды вакцинациялауға мүмкіндік береді.

 Италияда 2021 жылдың қаңтарында дәрігерлерге, егде жастағы адамдарға және қарттар үйінің қызметкерлеріне вакцина егуді бастады. Жаппай вакцинация ақысыз және ерікті. Бірақ ел билігі отандастарына вакцинация алуды қатаң түрде ұсынады.  2021 жылдың аяғына дейін халықтың 90% вакцинациялау жоспарланып отыр.

Британия билігі мұндай қадамға жыл басында-ақ барған. 

Испания

Ал Испания 1 мамырда AstraZeneca коронавирустық вакцинасының бірінші және екінші дозалары арасындағы аралықты 60 жасқа дейінгі адамдар үшін 16 аптаға дейін ұзартты. 

 Испания билігі Еуропа одағы бекіткен 12 апталық максималды аралықтан асып кеткені көрсетілген.

Испания - бұл Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің мақұлдауын тыңдамай, өз бетінше шешім қабылдап отырған алғашқы мемлекет. 

 Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, рұқсаттың ұзартылуы билікке вакцинаны қауіпсіз енгізу әдісін анықтау үшін қосымша уақыт береді.

 Испания алғашында 18-65 жас аралығындағы негізгі жұмысшыларға AstraZeneca вакцинациясын салды. 

Одан кейін вакцинаны 60 жастан асқан адамдарға егуге ғана рұқсат берді.

EMA (Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі) екінші дозаның біріншісінен кейін 4-12 апта аралығында енгізуді негіздеген. Бірақ аралықты 16 аптаға дейін созу сынағы болмаған.

 Испания билігінің бұл әрекеті алғашқы дозасын алған кейбір жастардың екіншісін қабылдау мүмкіндігінен айырылуына алып келді.

 Дозалар арасындағы аралықты кеңейте отырып, органдар әртүрлі вакциналарды араластыру бойынша сынақтардың нәтижелерін осы топтарға AstraZeneca-мен немесе басқа вакцинамен екінші рет түсіру туралы шешім қабылдаудан бұрын бағалай алады.

Өзгелердің жаңалығы