Елімізге алғаш рет келген еуропалық топ киелі жерлермен танысты

12 Тамыз 2019, 21:28
1753
Бөлісу:
Елімізге алғаш рет келген еуропалық топ киелі жерлермен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Аустриядағы елшілігі және Қазақ Географиялық Қоғамының қолдауымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала Елі бойынша» Жібек жолының бірегей экспедициясы туралы Еуропа елдеріндегі Қазақстан достарының тобы Сыртқы істер министрлігінде баяндап берді.

«Елімізге алғаш рет келген экспедиция қатысушылары Ұлытау көшпенді өркениетінің эпицентріне, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, Алакөл емдік көліне, сондай-ақ биіктігі 1133 метр құрайтын Ақмешіт шыңына көтерілді», - делінген хабарламада.

32af11d6fa430d6560a840b4783eaaed.jpg

Сондай-ақ, 4000 шақырымнан астам қашықтық бірегей экскурсия Жошы хан, Домбауыл, Алаш хан кесенелеріне және 18 ғасырда Абай Құнанбаевтың әкесі салған мешітке барды. Ұлы Ақынның отанында Аустрия-Қазақстан қоғамының вице-президенті, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы президенті Кристине Муттонен неміс тілінде Ұлы Ақынның «Жаз» өлеңін оқыды.

Екі апта бойы саяхатшылар мұрағаттық құжаттар мен тарихи артефактілердің арқасында Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен жақынырақ таныса алды.

4eeed8c289a28b8dd65973994413d8e0.jpg

Қонақтарға қоршаған табиғат, киелі мекемелер мен жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығы ерекше әсер етті. Ұлттық тағамдар мен сусындардың алуан түрлілігі, сафаридің ұзақ жолының жануарлар әлемі, шексіз даланың сұлулығы еуропалық достарымыздың есінде ұзақ уақыт қалады.

Экспедицияны Қазақстанның танымал саяхатшысы, Қазақ Географиялық қоғамының мүшесі, Оңтүстік Полюсті бағындырушы және еліміздің 100 жаңа есімдерінің бірі Мағжан Сағымбаев басқарды.

Өзгелердің жаңалығы