Еуропадағы банктің басшысы Маминге өз кеңесін айтты

10 Маусым 2021, 16:53
3367
Бөлісу:
Еуропадағы банктің басшысы Маминге өз кеңесін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо Қазақстан үкіметін экожүйені нығайтуға шақырды.

Қазақстанның электронды үкімет порталы елдегі жетекші цифрлық жүйе ретінде айтылады. Дегенмен цифрлық секторға жеке сектордың инвестиция салуы жақсару тиіс. Яғни экспорт көлемін ұлғайту бағытында болуы керек. Сондықтан Қазақстан үкіметінің басшылығын экожүйені нығайтуға шақырамын, - деді Одиль Рено-Бассо.

Ол халықтың барлық санатының техникалық сауаттылығын арттыру қажет деп отыр. 

Мектеп оқушысынан ересек адамға дейін техникалық сауаттылықты арттыруда қаржыны аямау керек. Бұл сіздердің ІТ және шығармашылық салаларды дамытып, жергілікті аяқтан тұрған экспорттаушылардың бәсекедегі артықшылығын арттырады, - деді ЕҚДБ басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысы болып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы