Еуропада орманды бақылау жүйесі енгізілді

24 Қараша 2023, 11:51
479
Бөлісу:
Еуропада орманды бақылау жүйесі енгізілді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жыл басынан бері Еуропа ормандарының 500 мың гектар алқабы өртеніп кеткен. Оған аптап ыстық пен құрғақшылық себеп. Бұл туралы Еуропалық комиссия өкілдері жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Жасыл желектерді қорғау үшін енді спутниктік деректер пайдаланылады. Арнайы бақылау жүйесі іске қосылады. 2017 жылы Еуропада 1 миллион 300 мың гектар орман өртенді. Мамандар бас қатырып, мәселені жан-жақты зерттегенімен, соңғы 6 жылда жағдай оңалған жоқ. 

Былтыр 1 млн гектарға жуық аймақ жанып кетсе, жыл басынан бері жарты млн гектардай орман алқабы күлге айналды. Еуропа елдерінің ішінде биыл ең қатты зардап шеккен – Грекия. Александруполис қаласында 96 мың гектар жер өртенді. 

Сондай-ақ, бұл тізімде Португалия, Испания, Италия бар. Ресми Брюссель ЕО-тың спутниктерінен орман туралы деректерді жинайтын заң жобасын ұсынды. Енді одаққа мүше мемлекеттер жасыл желектер аумағын жерүсті бақылауға міндетті.

Қазір ормандарға кешенді мониторинг жүргізуге қатысты нақты талап жоқ. Ал жаңа заңға сәйкес, ағаштарды кесуге болатын аумақтарды, олардың көлемін және орналасуын бақылауға аламыз. Биыл өртенген жердің 43 пайызы – қорғалатын табиғи аумақ, - деді ЕО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссары  Виргиниюс Синкявичюс.

Яғни, жойылып кету қаупі жоғары жануарлар мен өсімдік түрлерінің көбі жанып кеткен. Есепке сәйкес, бұл – соңғы онжылдықтағы ең сорақы көрсеткіш. 

Спутниктік деректер – орман ағаштарын заңсыз шабуға қарсы күресте де көмекші. Әсіресе, мемлекеттердің ұлттық шекараға жақын аймағында заңсыз ағаш кесу фактілерінің алдын алуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, спутниктік бақылау жүйесі ЕО-ға мүше мемлекеттер ұсынатын орман деректерін нақтылап, климаттық өзгерістерден туындаған қауіптің алдын алуға сеп болады, дейді мамандар, - дейді ЕО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссары Виргиниюс Синкявичюс.

Өзгелердің жаңалығы