Еуропада ЕЫҚҰ, Азияда АӨСШК. Саммитті өткізу Қазақстанға не береді?

11 Қазан 2022, 21:05
4619
Бөлісу:
Еуропада ЕЫҚҰ, Азияда АӨСШК. Саммитті өткізу Қазақстанға не береді?

12-13 қазанда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысына 11 елдің президенті қатысады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Сарапшы Олжас Бейсенбай бұл отырыстан не күтуге болатынын болжады. 

Осы қазан айында ұйымның құралғанына 30 жыл толып отыр. БҰҰ БА 47-сессиясында Тұңғыш Президент осы идеяны ортаға салды. Бұл халықаралық форумда Алматы актісі, жарғысы қабылданды. Осы уақытқа дейін халықаралық сенімді диалогтің үлкен, ашық платформасына айналды. Азия аумағында, Еуропада да көптеген ұйым бар. Бірақ бұл- Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа ұсынған бірегей жобасы. Еуропада Еуропа  қауіпсіздікқ ынтымақтастық ұйымы болса, бұл Азиядағы аналогі деп айтуға болады, - деді Олжас Бейсенбай. 

Оның айтуынша, Азияның әлемдік экономикалық, саяси дамудағы рөлінің ерекшелігін жоққа шығаруға келмейді. 

Себебі халықтың 60 пайызы осы өңірде шоғырланған. Қарыштап дамыған мемлекеттер, Азия жолбарыстары да бар. Дамушы, артта қалған мемлекеттер де бар. Қақтығысу ошақтары мен әлеуметтік діни топтары мен проблемалар бар. Дипломатиялық саясатта «Азиядағы халық бір көрпенің астында ұйықтаса да, әртүрлі түс көреді» деген сөз бар. Сондықтан бұл өңірде даму әлеуетімен қоса, шешетін проблемалар да баршылық, - деді сарапшы. 

Олжас Бейсенбайдың айтуынша, биыл Қазақстан төрелік етіп отырған АӨСШК саммитінің маңызы зор.

Еуропада ЕЫҚҰ, Азияда АӨСШК. Саммитті өткізу Қазақстанға не береді?

Форумның ұйымға айналуы

Қазақстанда өтуінің ерекше мәні – халықаралық форум толыққанды ұйым болуға қадам жасауы. Ұйым болатын болса, осы өңірдегі қауіпсіздік, демография, әлеуметтік-экономикалық даму, қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайы мен санкциялар мәселелерінің шешілуіне, тасымалдау мәселесі үзіліп қалу кезеңінде шешуге мүмкіндік береді. Себебі қазір елдер арасындағы өзара сенім мен диалог ең маңызды факторға айналды. Осы ұйымға мүше болса да, Үндістан мен Пәкістан, Қытай мен Үндістан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында әлі де келіспеушіліктер бар, - деді ол. 

Сарапшының пікірінше, ұйым арасындағы әртүрлі форматтағы келіссөздер мен, Ақылдастар кеңесі, іскерлік кеңес пен аналитикалық орталықтар арасындағы форумдар проблемалық мәселелерді жеңілдетуге ықпал етеді. 

Еуропада ЕЫҚҰ, Азияда АӨСШК. Саммитті өткізу Қазақстанға не береді?

Транскаспий бағыты

Қазіргі таңда халықаралық транзит жолдарының баламалы бағыттарды іздеу жағдайында Азия мемлекеттерінің ықпалдасуына әсер етуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан үшн транзиттік мүмкіндігін кеңейтуде Транскаспий бағыты өте маңызды болып отыр. Қытай,Түркия, Әзербайжан елдерімен байланыс – Орталық Азия елдерімен интеграция. Сондықтан бұл формат біз үшін өте маңызды. Оның бастамашысы, құрушысы ретінде өте өзекті деп ойлаймыз. Әсіресе, қазіргі геосаяси тұрақсыздық пен белгісіздік кезеңінде біз БҰҰ қағидаттарын сақтау арқылы көпжақты байланысты нығайтуымыз керек. Осы жолы Астанада өтетін саммитке 11 мемлекет басшысы мен бақыаушылар келеді. Бұл саммиттің маңыздылығы тек мемлекет басшыларының қатысуы ғана емес, сыртқы істер министрлері арасында тұрақты кеңестер өтеді, - деді Бейсенбай. 

Оның айтуынша, жастар арасындағы Жастар кеңесі де бар. 

Халықтық дипломатиядағы байланыс өте маңызды. 2021 жылы осы ұйымның жоспарланған 38 іс-шарасы өте жоғары деңгейде өткенін хатшылығы хабарлаған болатын. Осы жылғы отырыстың маңыздылығы аналитикалық орталықтардың ықпалдасуын маңызды деп атар едім. Былтыр форумның төрағасы болып ШЫҰ халықаралық институты бекітілді. Біздегі зерттеу институттары осы ұйымдармен ықпалдастықты нығайта беру керек деп ойлаймын. Геосаяси дауылдан шығудың жолдарын бірлесіп шешудегі форумның маңыздылығы жоғары және қажет, - деп түйіндеді сөзін сарапшы. 

Еуропада ЕЫҚҰ, Азияда АӨСШК. Саммитті өткізу Қазақстанға не береді?

30 жылдық тарих

Енді ұйымның тарихына тоқталсақ, ұйымды құру туралы бастаманы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды.  1999 жылғы 14 қыркүйекте Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) өкілдерінің бірінші кездесуі өтеді. Онда АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы қабылданды.  Бастапқыда АӨСШК құрамына Еуразия құрлығындағы 16 мемлекет кірді. Алғашқы саммит 2002 жылы Алматыда өтті. 

АӨСШК – Азия континентіндегі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін беделді құрылым. Кеңестің жұмысына 27 мемлекет қатысады. Сегіз мемлекет, оның ішінде Жапония, Америка Құрама Штаттары АӨСШК бақылаушы-мемлекеті саналады. Отырысқа Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Араб мемлекеттері лигасы, Түркі елдерінің Парламенттік Ассамблеясы және Халықаралық көші-қон ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар қатысады.

2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) төрағасы болып сайланды. Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеуберді АӨСШК-ге мүше елдердің сыртқы істер ведомстволары басшыларының бейнеконференция форматында кездесуін өткізді. 

Әріптестер алдында сөйлеген сөзінде Тілеуберді Қазақстан төраға ретінде ұйымның халықаралық аренадағы мәртебесін арттыруға мүмкіндік беретін жиынды институционализациялау бойынша жұмысты жалғастырады деп сендірді. Сонымен қатар Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың альянсқа мүше елдердің талдау орталықтары форумын тұрақты жұмыс істейтін сарапшылық алаңға айналдыру туралы бастамасын алға тартады.

 АӨСШК – Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық форум. 

АӨСШК саммиті 4 жыл сайын, ал қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесулері 2 жылда бір рет өткізіледі. 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің хатшылығы Қазақстанның астанасында орналасқан. АӨСШК 6-шы саммиті 2022 жылы Астанада өтеді.

Еуропада ЕЫҚҰ, Азияда АӨСШК. Саммитті өткізу Қазақстанға не береді?

Бұған дейін Тәжікстан АӨСШК төрағасы мемлекеті болған.

АӨСШК бесінші саммиті өткен маусымда Душанбеде өткен болатын. Саммит мінберінен сөз алған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1992 жылы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру идеясы Азия құрлығының тарихындағы жаңа белесті ашқанын атап өтті.

АӨСШК Хатшылығы ұйымдастырған шараға Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының басшылығы, елшілер мен Астанада тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ елдің саяси, ғылыми және іскер топтары қатысты.

6 қазанда ұйым 30 жылдығын мерекеледі. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов құттықтау сөз сөйлеп, АӨСШК-нің 30 жылдық қызметінің маңызды кезеңдері, Қазақстанның төрағалығы кезіндегі жетістіктері және алдағы жоспарлар туралы айтты. 

АӨСШК жиналыстың жарғылық құжаттарында белгіленген құрылуының негізгі мақсаттарын жүзеге асырды және толыққанды ұйымға айналу үдерісін бастауға дайын деп сеніммен айта аламыз, - деді министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы