Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропа елдерінің бірі румын консерваторларының Telegram-арналарын бұғаттауды сұрады – Дуров

18 Мамыр 2025, 22:58
475
Бөлісу:
 instagram.com/durov
Фото: instagram.com/durov

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Батыс Еуропа елдерінің бірінен келген румын консерваторларының арналарын бұғаттау туралы өтінішке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл сұраныс аталған елде өтіп жатқан президенттік сайлау аясында жасалған. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен бұл өтінішті үзілді-кесілді қабылдамадым. Telegram румын пайдаланушыларының бостандықтарын шектемейді және олардың саяси арналарын бұғаттамайды, - деп жазды Дуров.

Ол Telegram саясатының сөз бостандығы мен әділ сайлауды қолдайтынын баса айтты.

 Басқа бір елдің үкіметі "демократияны қорғау" сылтауымен оны бұзуға, сайлауға араласуға тырысуы қисынсыз. Сізде не сөз бостандығы мен әділ сайлау бар, не мүлдем жоқ. Румын халқы осы екі құндылыққа да лайық, - деді ол.

Telegram негізін қалаушысының бұл мәлімдемесі Румыниядағы президенттік сайлауға байланысты туындаған саяси шиеленіске орай жарияланды. Елде қазіргі уақытта сайлаудың екінші туры өтіп жатыр. Бірінші турда "Румындарды біріктіру альянсының" жетекшісі Джордж Симион 42,28% дауыспен көш бастады. Ол сайлаудың оң нәтижесіне сенімді екенін айтты және альянстың негізгі мақсаты – сайлау процесінің бұрмалануына жол бермеу екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы