Еуропа елдері турист қабылдауға дайындалып жатыр

25 Мамыр 2020, 11:21
2894
Бөлісу:
Еуропа елдері турист қабылдауға дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Италия Еуроодақ елдері туристерін ресми түрде 3 маусымнан бастап қабылдауға дайын.

Испаниядағы эпидемиялық жағдай 8 маусымнан кейін футболдан ұлттық чемпионатты қайта бастауға, ал жазда шетелдік туристерді қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді, деп жазады ru.euronews.com.

"Ла Лига" басшылығы алдағы күндері наурыз айында пандемияға байланысты тоқтатылған турнирді аяқтау үшін кездесулер кестесін келісуді жоспарлап отыр. Үкімет басшысы мейрамханалар, қонақ үйлер мен жағажайларды туристік маусымға дайындауға шақырды.

Испания жыл сайын 80 миллионнан астам қонақ қабылдайды, сондықтан, мен шілде айынан бастап шетелдік туристер қауіпсіздікті сақтай отырып, Испанияға келе алатынын мәлімдеймін. Шетелдік туристер осы сәттен бастап демалыстарын біздің елге жоспарлай алады, - деді Санчес.

Италия Еуроодақ елдері туристерін ресми түрде 3 маусымнан бастап қабылдауға дайын. Бұл елде мұражайлар жұмысын қайта жандандыруда. Бейсенбі күні Колизей ашылуы керек, содан кейін Флоренциядағы Уффици галереясы ашылады. 1 маусымнан бастап билет брондаған келушілер Ватикан мұражайларына кіре алады.

Грекия мемлекеті де туристердің қайта келуіне дайындалып жатыр. Эпидемиялық жағдайы қолайлы мемлекеттерден келетін туристер бұл елге коронавирус пен карантинге арналған тест тапсырмай-ақ келуіне рұқсат бар. 

Хорватия үкіметі 15 маусымнан кейін барлық туристер үшін шекарасын ашуды жоспарлап отыр, оған дейін шетелден келетін туристер үшін карантинді алып тастауға уәде берілді.

Францияда үкімет ішкі туризмнің маңыздылығын атап өтті. Премьер-министр Эдуар Филипп келесі аптада туристік секторға қатысты жоспарды ұсынбақ.

Германияда карантиндік шаралар канцлер Ангела Меркельдің асықпай және аса сақтықпен әрекет ету қажеттігі туралы мәлімдемесі аясында біртіндеп жеңілдетіледі. Бұл үндеулер мұндай шектеулерге қарсы адамдардың наразылығын тудырған. Олар тағы да бірнеше қалада наразылық акциясына шығуды жоспарлап отыр.

Еуропада коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 миллионнан астам адам тіркелген, 170 мыңға жуық науқас қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы