Еуропа елдері парламенттер мен билік орындарында температураға шектеу қойды

17 Желтоқсан 2022, 15:38
1037
Бөлісу:
Еуропа елдері парламенттер мен билік орындарында температураға шектеу қойды

Қыстың келуімен Еуроодақтың бірқатар елінің заң шығарушылары парламенттер мен мемлекеттік органдардағы температураға шектеу қойды. Бұл туралы BAQ.KZ  РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды. 

Германиядағы қоғамдық ғимараттар, соның ішінде Бундестаг қазір 19 градусқа дейін ғана жылытылады. Осыған байланысты көптеген парламентші отырыстарға сырт киіммен қатысуға мәжбүр.

Осыған ұқсас жағдай Франция парламентінде де байқалады, онда үй-жайлар 19 градусқа дейін жылытылады.

Алайда басқа елдерде мұндай жағдай байқалмайды. Австрия мен Нидерландыда билік газдың жеткілікті мөлшер бар, ал Испания мен Италияда негізінен климат жылы. 

Бұған дейін Еуропада шенеуніктерге электр қуатын үнемдеу үшін кеңседегі дресс-кодты елемеуге рұқсат етілген. Осы қыста оларға жылы киіммен жұмысқа келу ұсынылды, өйткені Еуропалық Одақ органдарының ғимараттарындағы кеңселер 19 градусқа дейін қызады.

Өзгелердің жаңалығы