Еуроодақ Ресейге қарсы 20-пакет санкциясын мақұлдады

Сонымен қатар Украинаға бөлінетін 90 млрд еуро несие де берілетін болды.

 Anadolu agency Бүгiн 2026, 17:51
Бүгiн 2026, 17:51
130
Фото: Anadolu agency

Еуроодаққа мүше елдердің елшілері Ресейге қарсы 20-пакет санкцияны және Украинаға 90 миллиард еуро көлемінде макроқаржылық несие бөлуді қолдады. Бұл жайлы ЕО кеңесіндегі дауыс беру қорытындысы бойынша Азаттық радиосының украин қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, енді шешімнің күшіне енуі үшін ресми жазбаша рәсім басталған.

Украинаға 2026-2027 жылдарға арналған 90 миллиард еуро көлеміндегі қолдау несиесін Еуроодақ 2025 жылдың желтоқсанында-ақ мақұлдаған. Алғашқы транш сәуір айының басында аударылуы тиіс болған.

Алайда наурыз айында ЕО көшбасшылары бұл шешімді түпкілікті бекіте алмаған. Оған Венгрияның сол кездегі премьер-министрі Виктор Орбан қарсы шыққан.

Кейін Венгриядағы парламент сайлауында Орбан Петер Мадьяр есімді саясаткерден жеңілді. Жаңа үкімет басшысы Киевке несие бөлуге бөгет болмайтынын мәлімдеген.

Кипр өкілінің айтуынша, бүгін Украинаға 90 миллиард еуро несие беру де, Ресейге қарсы 20-пакет санкция да ЕО елшілерінің күн тәртібіне енгізіліп, мақұлданған.

Жазбаша келісу рәсімі 23 сәуір күні күндіз аяқталады деп күтіліп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың мерзімін ұзартқан болатын.

Еуропалық одақ кеңесі (ЕО) Украинаға жасалған шабуылдарға байланысты Ресейге қатысты шектеу шараларын тағы 6 айға ұзартты. 

Наверх