Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар айналымы қадағаланады – Кірістер комитеті

18 Қаңтар 2022, 11:55
1512
Бөлісу:
Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар айналымы қадағаланады – Кірістер комитеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінде "Тауарлар айналымын қадағалап отыру" ұғымы енгізілді. Енді азаматтар кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтара алмайды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жаңашылдық тауар айналымына байланысты операциялардың есебін ұйымдастыруды көздейді. Сондай жүйелерді бірі - Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі.

Жаңа ұғым кеден және салық төлемдерін төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды, оларды трансшекаралық саудада өткізу кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растауды болдырмайтын жағдайлар жасау үшін енгізілді. Әкімшілендіру қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымына байланысты операциялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл бақылау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық бақылау жүйелерінен мәліметтер алмасу арқылы жүргізілетін болады. Осылайша, Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдерінің ақпараттық жүйелерінен Қазақстанға жіберілетін тауарлар туралы, осындай тауарлардың өнім берушілері мен сатып алушылары және олардың айналымы жөніндегі операциялар туралы мәліметтерді онлайн-режимде алатын болады, - делінген хабарламада.

Мұндай ұғым Салық кодексінің 69–бабы 4-тармағының 8) тармақшасында және 176-1-бабында белгіленген.

Комитеттің ақпараты бойынша, қадағалап отыру ЕАЭО аумағына әкелінетін импорттық тауарлар бойынша жүзеге асырылатын болады. Қадағалап отыруға жататын тауарлардың тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бекітеді. Қазіргі уақытта бұл тізбе бекітілмеген.

Жаңашылдық Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 29 мамырда ратификациялауына және аталған келісімнің 2021 жылғы 3 ақпанда күшіне енуіне байланысты болып отыр. Осыған дейін 2019 жылы 29 мамырда бұл келісімге қол қойылған болатын. Одаққа мүше елдер келісім күшіне енгеннен бастап 12 ай өткеннен кейін қадағалап отыру тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды бастауға міндеттеледі, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы