€30-40 млрд. ЕО елімізде 3 млн тонна «жасыл» сутекті өндіреді

10 Наурыз 2023, 15:53
671
Бөлісу:
€30-40 млрд. ЕО елімізде 3 млн тонна «жасыл» сутекті өндіреді
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, былтыр еліміз бен Еуропалық кеңес жел және күн электр станциясын орнатуға қатысты келісімге келген. 

Былтыр қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Президенті Шарль Мишельдің қатысуымен Батыс Қазақстанда жел және күн электр станцияларын орнату және 3 млн тонна «жасыл» сутекті өндіру бойынша маңызды келісімге қол қойылды. Айта кетерлігі, жоба құны 30-40 млрд еуроға тең, ірі еуропалық «Svevind» компаниясымен келісілді. Бұл Еуропалық одақтың осы өнімге деген қажеттілігінің бестен бір бөлігін құрайды, - деді Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы Сыртқы істер министрлігі еліміздің азаматтары үшін визасыз кеңістікті кеңейту жолында жұмыс істеп жатқандығы туралы болатын. 

Өзгелердің жаңалығы