СІМ: Еліміздің азаматтары үшін визасыз кеңістікті кеңейтеміз

10 Наурыз 2023, 15:44
1011
Бөлісу:
СІМ: Еліміздің азаматтары үшін визасыз кеңістікті кеңейтеміз
Фото: tengrynews.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар ол Сыртқы істер ведомствосы жұмысының негізгі көрсеткіші не екендігін айтты. 

Сыртқы істер министрлігі жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі – Қазақстан азаматтары үшін визасыз кеңістікті кеңейту. Біз еліміз бен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді көздейтіндей, азаматтарымыз үшін визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздердің ерте басталуына сенеміз, - деп атап өтті вице-министр. 

Айтуынша, былтыр еліміз бірқатар елдермен визалық талаптардан босатуға қатысты келіссөздер жүргізген. 

Сондай-ақ өткен жылы Қазақстан Албания мен Андоррамен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Сербиямен осындай келісім бар, сонымен қатар Черногорияға баратын азаматтарымызға маусымдық визасыз режим қолданылады, - деді Роман Василенко. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысы республикамыз бен Еуропалық одақ арасындағы сыртқы сауданың 40 млрд долларға өскендігін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы