Сотталғандар қалай білім алады? ЕЦ 166/18 мекемесі

1 Шілде 2019, 09:15
3596
Бөлісу:
Сотталғандар қалай білім алады? ЕЦ 166/18 мекемесі
PHOTO
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біз бұған дейін Қарағанды облысындағы бірнеше колонияның тыныс-тіршілігін баяндап, материал жазғанбыз. Бүгін кезек Ақмола облысы Целиноград ауданы Степногорск қаласындағы ЕЦ 166/18 мекемесіндегі колледж түлектерінің білімі мен сотталғандардың жұмысы жайында сұрауды жөн көрдік.

IMG_3072.jpg

ЕЦ 166/18 мекемесіндегі сотталғандардың жақындарымен видеобайланыс арқылы сөйлескенін оқыңыз.

Ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейтін колония болғандықтан, ұзақ уақыт отырып, бірнеше мамандық игергендер де бар екен.

«Мен осы мекемеде 2007 жылдан бері отырмын. Оқуға бірнеше рет түстім. 7 мамандықты игердім. Міне бір жыл оқып аяқтаған мамандығым – аспаз. Маған негізі оқу жеңіл. Тек автомеханик деген мамандықты игеру қиындау болды. Көлік жөндеу, қарау оңай емес екен. Сосын бұған дейінгі мамандықтарыммен бірнеше жыл жұмыс істедім. Ал, қазір сабағымыздың өту барысы маған ұнайды. Маған бұл мамандықтың пайдасы зор екенін білемін. Шыққанда сол мамандықпен жұмыс істеп, әрі қарай жалғастырамын деп ойлап отырмын», - деді сотталған азамат.

IMG_3017.jpg

«Тентектің бірі болыппын». Қарағанды облысында орналасқан колониядағы бір күн

Айтуынша, жазасын өтеу мерзімінің көбі кетіп, азы қалған. Дегенмен жылын қысқарту үшін тәртібін түзеп, үлгілі болуғы тырысып жүр. Сонымен қатар, жалақысының жақсы екенін атап өтті.

«Енді 6 жылдай уақытым қалды. Осы жылы шартты-мерзімінен бұрын босау келеді. Егер сәті түсіп кетсе, ертелеу шыққым келеді. Бірақ тәртібімді жақсартып, өзім жақсы адам болуғы тырысып жүрмін. Осы мамандықтардың ішінде маған ұнағаны – тігінші. Жалақы жағынан келсек те, ыңғайлы. Қанша киім тігесің, сонша жалақы аласың. Жұмыс істегеніңе қарай. Сонда жақсы жалақы шығаруға болады. Еңбек өнімділігіңді өзің үшін арттырасың», - деді ол.

IMG_2981.jpg

Аталған мекемеде сотталғандар Степногорск қаласындағы Индустриалды технология колледжінде білім алады. Оқу орнында бөлім меңгерушісі Галина Васильевнаның айтуынша, биыл мамандық бойынша студент оқып, оның 3-еуі қызыл куәлік алған.

«ЕЦ 166/18 мекемесінде колледж 2005 жылы ашылған. Содан бері сотталғандарға түрлі мамандықты меңгертіп келеді. 2018-2019 оқу жылында 80 сотталған колледжде білім алды. Олар 4 мамандық: электр-газ дәнекерлеуші, жону ісі, көлік жөндейтін слесарь, аспаз бойынша оқыды. Міне бүгін 65 студент мемлекеттік үлгідегі диплом алмақ. Оның ішінде 3 сотталған «қызылға», яғни үздік болып бітіріп жатыр. 2019-2020 оқу жылында тағы бір топ қосып, тағы екі мамандықпен: тігінші және электр монтерімен толықтырамыз», - деді ұстаз.

IMG_2956.jpg

Айтуынша, колледжде 9 адам жұмыс істейді. Жыл сайын сұраныс болатын мамандықтарға қарай білім береді. Дегенмен тегін білімды пайдаланғысы келмейтін сотталғандар да бар.

«Біз мекеме мен жұмыс берушінің талаптарына мниторинг жасаймыз. Содан кейін оларға қажетті маманды оқытамыз. Олар бірден жұмыспен қамтиды. Колледжде 9 адам жұмыс істейді. Ұжым сондай үлкен емес. Студенттер өз еркімен қабылданады. Олар өтініш жазады, кейін әңгімелесеміз де, колледжге қабылдаймыз. Мамандығы жоқ сотталғандар да. Оқығысы келмейді, жұмыс істегісі келмейді. Психологтар, біздер, мекеме басшылығы сотталғандармен жұмыс жасайды. Оларды оқуға шақырады. Ал мемлекет толық асырап отырғандықтан, арасында оқуға құштарлығы жоқтар да бар», - деді Васильевна.

IMG_2978.jpg

Көбіне осындай мамандық алмай кеткен сотталғандар қайта қылмыс жасап, жазасын өтеу үшін қайтып келетін жағдайлар болады.

«Мен осы салады 15 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Оқығысы келмейтіндер бостандыққа шыққан соң жұмыссыз жүреді. Сосын соңында тағы мекемеге қайтып келеді. Яғни, статистикаға қарасақ, қайта сотталғандардың көбі білім алғысы, жұмыс істегісі келмеген сотталғандар болып шығады. Жұмыс істегендер қайтып келмейді», - деді пелагог.

IMG_3022.jpg

Дегенмен еңбек етіп, жалақысын отбасына жіберетіндер де бар.

«Қостанай облысының тумасымын. Осы мекемеде жазамызды өтеп жатырмыз. «Еңбек» РМК-да жұмыс істеп жатырмын. Киім тігемін. Мекемеге келген тапсырыстарды орындаймыз. Айлық төлеп жатыр. Тігінші мамандығын осында меңгердім. Сот үкімімен ақшалай төлейтін борышым бар. Соны жалақымның жартысын аударып, өтеймін. Жарты айлығымды отбасыма жіберемін. Жалақым өзіме жетеді. Тамақ тегін, киім тегін, айлығымызды өзімізге жұмсаймыз», - деді Марат Нұрманов.

IMG_3141.jpg

Сотталғандарды облыстағы «Еңбек» РМК филиалы жұмыспен қамтиды.

«Еңбек» РМК филиалы облыстағы сотталғандарды жұмыспен қамтып келеді. Біз тұрған мекемедегі сотталғандарға РМК-ның «Еңбек Астана» филиалы жұмыс ұсынады. Бүгінде осы филиалда еңбекке жарамды контингенттің 50% жұмыспен қамтылған. Қазір қызу жұмыс жүріп жатқан өндірісті айтсам, сотталғандар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысымен темір қоршау дайындап жатыр. Жалпы тапсырыс – 9 км, бүгінде 6 км аяқталды. Бұл тапсырысты жеткізу де дайын. Сонымен қатар, «Еңбек Астана» ұн өнімдерін әзірлейді», - деді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті Ақмола облыстық департаментіндегі сотталғандарды еңбекпен қамту қызметінің тәрбие ісі жөніндегі бас маманы, әділет подполковнигі Ирина Горнова.

IMG_3078.jpg


IMG_3082.jpg

Сотталғандардың төсек орны, дем алатын орны және асханасы.

IMG_3157.jpg

IMG_3170.jpg
IMG_3166.jpg

Өзгелердің жаңалығы