Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Этножаңғыру» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің 2021 жылға арналған стандарттарды әзірлеу бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу туралы «Этножаңғыру» мүшелерінің онлайн отырысы өтті.
Отырыста «Этножаңғыру» стандарттары бағдарламасын әзірлеу және 2021 жылға арналған ТК стандарттарын әзірлеу бағдарламасына қосу үшін ТК мүшелерінің ұсыныстарын жинақтау; этносалаға қатысты стандарттарды әзірлеу мәселелері талқыланды.
Техникалық комитет төрағасы Ескендір Хамитов бірқатар қажеттіліктер туралы айтты.
Бұл жерде басты мақсат - қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін танымал етуге бағытталған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын әзірлеу және 2020 жылға арналған ТК жұмыс жоспарының іске асырылу барысымен таныстыру – деді ол.
Сонымен қатар, ол Қазақтың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін танымал етуге бағытталған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын әзірлеу бойынша ұсыныстарын айтты.
Өнімге арналған ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұсыныс туралы (мысалы, қазақи киіз үй, ұлттық тағам өнімдері және т.б.); Осы ТК 2020 жылдың мамыр айында құрылды. ТК-нің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Мүдделі субъектілермен келісім бойынша ТК мүшелерінің құрамы бекітілді. Техникалық комитеттің мақсаты – қазақ халқының бай мұрасын қолданылу мерзімі шектелмейтін стандарттар арқылы бекіту үшін ҚР ұлттық стандарттарын әзірлеу. Техникалық комитет құзыреті – материалдықпен қоса, материалдық емес құндылықтардың да ұлттық стандарттарын әзірлеу. Стандарттарды әзірлеуді қаржылық сүйемелдеу үшін жоспар-өтінім құрылып, мемлекет үшін маңыздылығы басым болғандықтан, Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру идеялары шеңберінде уәкілетті салалық мемлекеттік органдарға өз бюджеті шеңберінде қаржыландыру жоспарына енгізу үшін жіберіледі – деді Ескендір Хамитов
Стандарттарды мемлекет шеңберінде де, тұрмыстық жағдайларда да қолдану үшін, сондай-ақ елімізді әлемдік қоғамдастыққа таныстыру үшін жалпы қабылданған стандарттар мен нормалар мәселелерін шешуге көмектеседі.
Сондай-ақ 2021 жылға арналған ТК стандарттарын әзірлеу бағдарламасына қосу үшін ТК мүшелері өз ұсыныстарын жеткізді.
Төрағаның қазақи киіз үй стандартын әзірлеу жөніндегі ұсынысын қолдаймын. Өйткені түркі халықтарында киіз үйлердің бірнеше нұсқасы (қырғыз, моңғол киіз үйлері және т.б.) бар. Сондай-ақ ұлттық киімдер мен ұлттық ою-өрнек элементтері салынған заманауи киімдерді, күнделікті пайдаланылатын заттар мен ұлттық стильдегі халық тауарларын дайындау кезінде қолданылатын ою-өрнектерге айрықша көңіл бөлу қажет. Бұған қоса, ұлттық стандарттарды әзірлеу аясында жылқы туризмі мен ұлттық ойындардың ережелерін стандарттау қажеттілігін ескеруді ұсынамын. Ұлттық мұраның тарихи мәнін, терминдерді, анықтамаларды және мазмұнын түпнұсқада, еш бұрмалаусыз дұрыс жеткізу мақсатында ТК мүшелерінің ТК ұлттық стандарттарын мемлекеттік тілде әзірлеуі керек, Қажет болған жағдайда, кейіннен басқа тілдерге аудару жөніндегі бастамасын толық қолдаймын – дейді ТК мүшесі Ержан Жаубай.
Мұнан соң онлайн отырыста «Сауда палатасы фирмасы» ЖШС әзірлеп жатқан ұлттық стандарт жобасы талқыланды. Оны осы жобаны әзірлеу жөніндегі жетекші Т.М. Әбішев таныстырды.
Этноауылды орналастыру кезінде дәстүрлі қазақ ауылының барлық элементтерін: өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, бірыңғай талаптарға сәйкес келетін қазақы киіз үйді (барлық қажетті жабдықтарымен), ұлттық тағамдарды, ұлттық киімдерді және т.б. көрсету қажет - деді ТК мүшесі Берік Ақылбеков.
Жиын соңында белгіленген хаттамаға сәйкес бірнеше нақты шешімдер қабылданды.