Этнограф, cуретші Ералы Оспанұлының кітаптарының тұсаукесері өтті

23 Мамыр 2022, 19:15
2483
Бөлісу:
Этнограф,  cуретші Ералы Оспанұлының   кітаптарының  тұсаукесері өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында  Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында белгілі этнограф, суретші Ералы Оспанұлының шығармашылығына арналған «Ою-өрнектер әлемі» атты алқалы жиын өткізді. 

Этнограф,  cуретші Ералы Оспанұлының   кітаптарының  тұсаукесері өтті

Қазақ мәдениетінің бай мұрасын насихаттайтын тағылымды шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, белгілі этнограф, суретші-график, безендіруші Ералы Оспанұлы,  Қазақстан суретшілер одағының, дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Өмірәлі Исмаилов, суретші және этнограф-қару-жарақ зерттеушісі Ахметжан Қалиолла, суретші, Қазақ елі монуметінің авторы Сембіғали Смағұлов, суретші, сәулетші Жеңіс Кәкенұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі  Шәріп Амантай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Этносаралық қатынастар және толеранттылық орталығының директоры Сатай Сыздықов,  жазушы, этнограф Ұларбек Нұрғалымұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Законұлы, Ұлттық музейі жанындағы Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Айбар Қасеналин, сонымен қатар, танымал этнографтар, өнертанушы, мәдениеттанушы ғалымдары және суретшілер мен зергерлер қатысты.

Этнограф,  cуретші Ералы Оспанұлының   кітаптарының  тұсаукесері өтті

Келелі басқосу аясында Е. Оспанұлының «Қазақ ою-өрнегінің Атласы» және «Қошетер» қазақ халқының қолөнері» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Этнограф,  cуретші Ералы Оспанұлының   кітаптарының  тұсаукесері өтті

Аталған еңбектерде автор қазақ халқының ұлттық өнерінің қалыптасу, өркендеу кезеңдерін, сонымен қатар ежелгі түркі, қыпшақ қолөнерін негізге ала отырып тамырлас халықтар мәдениетіндегі сабақтастық туралы баяндайды. 

Этнограф,  cуретші Ералы Оспанұлының   кітаптарының  тұсаукесері өтті

Атап айтқанда ол «Қазақ халқының ою-өрнектерінің этнографиялық атласы» атты еңбегінде көне дәуірден қалыптасқан ұлттық бұйымдарды (киіз, кесте, тоқыма, ағаш, тері, зергерлік, сәулет өнері) көркемдеуде қолданылған ою-өрнектердің пайда болуын, олардың түрлерін, нышанын, семантикалық мән-мағынасын терең зерделеп жазған.

Этнограф,  cуретші Ералы Оспанұлының   кітаптарының  тұсаукесері өтті

Ал «Қошетер – қазақ халқының қолөнері» атты альбом-кітапта автор көшпенді өмір-тіршілігінің болмысын, рухани мәдениетін, дүниетанымын дәріптейтін ұлттық бұйымдар түрлерін қарастырған.

Сондай-ақ альбом бүгінде қазақ жеріндегі және алыс-жақын елдердегі музейлерде сақтаулы тұрған қолмен жасаған құнды жәдігерлердің қайталанбас дәстүрлі үлгілері мен шеберлердің шығармашылығын дәріптейтін көне фотолармен безендірілген.

Өзгелердің жаңалығы