Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

12 Сәуір 2024, 17:43
7566
Бөлісу:
Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Заман алмасып, ұрпақ жаңарған сайын кейбір ұлттық тағамдар да күнделікті тұрмысымыз бен дастарханымыздан көрінбей ұмытылып бара жатыр. Бұл қазақ халқының ас мәзіріне әуелден бай екенін білдіреді. Назарларыңызға ұмыт болып бара жатқан, алайда ерекше дәмді әзірленетін қазақтың ұлттық тағамдарын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада Ұлттық музейде екі күнге созылған білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған “Оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыру” атты халықаралық форум өтті.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Форумның басты мақсаты – көркем еңбек мұғалімдері мен этнодизайнерлердің басын бір платформада біріктіріп, қолөнер саласындағы мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу.

Форум аясында қолөнерден әртүрлі шеберлік сабақтары, ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімі, яғни дефиле, ұлттық спорт ойындары және ұлттық тағамдар, әсіресе ұмытылып бара жатқан тағамдар таныстырылды.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Астана қаласы №73 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі Мунира Рахимжанова форум аясында жайылған қазақтың кең дастарханын таныстырды.

Бүгін елорданың әр мектебінен келген көркем еңбек пәні мұғалімдері дастархан жайды. Дастарханға мұғалімдер өз қолынан жасаған ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдардың бір бөлігі қойылған. Наннан басқа үлкен жоқ. Сол себепті ең алдымен дастарханға шелпегіміз, бауырсақ, тоқаштарды қойдық. Бас табақ – оны бәріңіз білесіздер. Жамбас, қазы, қарта, жалпы қонақтарға тартылатын сүйектің барлығы бар. Басты тарту да әр аймақта әртүрлі. Кей жерде бір құлағын алып тастаса, кей жерде тұмсығы алға қарап тұруы керек, - дейді мұғалім.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Дастарханға бас тағамнан бөлек, құйрық бауыр да қойылған.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Қуырдақ – ол қазаққа таңсық емес тағам.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Сырылдақ – жүректен және әртүрлі жеміс-жидектерді қосып жасалатын тағам.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Түймеш оны түшпара деп те атайды. Ол - бүкіл ұлтта бар тағам. Қыз ұзатылып бара жатқан кезде осы тамақты жасайды екен. 

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Түймештің бір ерекшелігі – оның ішінде ет пен талқан бар. Оның түйілуіне қарай қыздың қаншалықты пысық, көрікті екенін байқайды. Бір сөз бен айтқанда қыздың мінезін сипаттайтын тағамның түрі.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Бұл бәріміз сүйіп жейтін құртымыз. Дастарханға оның бірнеше түрі қойылған.

Балқаймақ. Оны бал қосып та жасап жатады. Оны әр өңір әртүрлі атайды. Бір жерде қаймақ десе, тағы бір аймақта кілегей дейді. Оны сүттен де қайнатып істеуге болады. Батыс жақта балқаймақты түйенің сүтінен әзірлейді. Ол ирис конфеті сияқты қоңырқай болып келетін көрінеді.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Бұл – наурыз көже. Оны мұғалімдер қақталған еттен жасаған.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Қымыз – қазақтың ұлттық сусын.

Құрт көже жайлы көбі біле бермейді. Ол жаңа босанған анаға берілетін көже. Құрт көжені кей өңірде быламық деп те атайды. Құрт көженің быламықтан айырмашылығы – құрамына құрт қосылуында.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Дастарханда шайға арналған қазақтың ұлттық тәттілері де қойылған. Мысалы, нават, жент, чак-чак, ірімшік, ши бауырсақ.

Әр халықтың өзінің ұлттық құндылықтары бар. Ол себепті оның жақсы жағын ала білуіміз керек. Мысалы, қазымызды Германия, қымызымызды Германия патенттеп жатыр дегенді естіп жүрміз. Енді оның құнарлығы төмен болса, олар тағамдарымызды патенттей ме?! Сондықтан тағамдарымыз өте құнарлы, табиғи өнім. Қазір энергетикалық сусын ішіп жүрген балаларымыздың бойына қан жүгірту үшін ұлттық тағам әр үйдің дастарханында болуы керек деп ойлаймын. Ол тек Орталық Азия халықтары үшін ғана емес, жалпы әр үйдің дастарханында тұрғаны дұрыс, - дейді Мунира Рахимжанова.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

№75 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Фарида Сүтбаева қазақтың тағамы үшке бөлінетінін айтты.

Қазақтың ұлттық тағамы үшке бөлінеді. Олар - ыстық тағам, салқын тағам және сусындар. Қымызымыздың туберкулезді емтейтін қасиеті бар. Қазақтар сүрді шығарып, жылқының түсіне, яғни саумалға салып, оны бір аптадай ұстап, сосын ауырған адамды емдеуге береді екен. Қазақтың жері кең, табиғаты бай, тағамы ауруға шипа береді, - дейді мұғалім.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді
Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Ал Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Балжан Рамазан дәруменге бай сары майды балаларға таңғы асқа беру керегін айтады.

Сары майды бұрындары қойдың қарнына салатын. Сол кезде өте дәмді шығады. Тұзын ащылау салады. Сөйтіп қарынды майға толтырады. Сол кезде майдың тұзы қарынға сіңіп кетеді. Осы процестерден кейін майдың түрі сары болып, өте дәмді шығады. Дәруменге де бай болады, - дейді ол.

Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді
Ет, бауырсақ, құрт көже. Ұмытыла бастаған қазақтың ұлттық бренді

Бұл қазақтың ұлттық тағамдарының тек бір бөлігі ғана. Ұлттық тағамдарымызды ұмыт қалдырмай, тәрбие мен білім беру ісінде қолданып жүрген мұғалімдерімізге алғысымызды айтамыз.

Өзгелердің жаңалығы