Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарған жүлдегерлер елге оралды

1 Қараша 2022, 18:35
1038
Бөлісу:
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарған жүлдегерлер елге оралды

Бүгін Астанадағы халықаралық әуежайға Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатының жүлдегерлері ұшып келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортшыларды Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды. Әуежайға жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жақын туыстарынан бастап, достары, әріптестері мен жаттықтырушылары тегіс жиналды.

Айта кетейік, 28-29 қазан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Жарысты салтанатты түрде Астана қаласының құрама командасы аяқтады. Қазақстанның әнұраны 5 рет шырқалды. 6 санатты медаль жиынтығында еліміздің 2 командасы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Олардың ішінде елордалық спортшылардың еңбегін атап өту қажет:

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатындағы Азия чемпиондары – Самұрық командасы, Астана (Медина Абдибаева, Инкар Байронова, Акбота Токанова, Валерия Лукьянова, Микаэлла Ошаганова, Айзара Абильдинова, Адина Исабекова, Аружан Шамшина, Дарина Акшулакова, Амина Тастанбек, Анар Мухамедгалиева), жаттықтырушы-хореограф Әсел Тастанбекова.

10-12 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия Чемпионатының күміс жүлдегерлері – «Алан-Рио» командасы, Астана қаласы (Ясмина Тастанбек, Даяна Дүйсебаева, Медина Исағали, Камиля Заманбекова, Дарья Остравенко, Жасмин Әлімбаева, Томирис Сағадат, Аяулым Ахметқали, Аруна Мекебаева, Адия Рахимова, Латифа Пшенова, Әсия Елдар), жаттықтырушы-хореограф Әсел Тастанбекова.

12-14 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Алан-Томирис, Астана қаласы (Аружан Қайыржанова, Алуа Исаева, Дильназ Садықова, Інжу Ермуратова, Жанис Сағидулла, Мадина Абдрахманова, Айшаханым Ақан, Саида Бижанова, Дана Темірболат), жаттықтырушылар Зарина Давлетьярова және хореограф Аяулым Алтайбекқызы.

Сонымен қатар, «Алан-Рио» командасы Малайзиядағы MAGGA CUP халықаралық турнирінде де қола жүлдеге ие болғанын атап өткен жөн.

Спортшылар әуежайда журналистерге сұхбат беріп, Азия чемпионатындағы жетістіктері жайлы айтып берді.

Малайзиядағы Азия чемпионатында бәсекелестік өте жоғары болды Оңтүстік Корея, Үндістан, Жапония, Малайзия командаларымен бақ сынастық. 10-12 жас аралығындағы балалар санатында 2-орынға ие болдық.

Жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, - деді  «Алан-Рио» командасының мүшесі Томирис Сағадат.

14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатындағы Азия чемпиондары – «Самұрық» командасы. Астаналық команданың мүшесі Аружан Шамшина өзінің әсерімен бөлісті.

Бүгін Азия чемпионатынан жеңіспен оралдық. Жаттықтырушылардың еңбегін ақтап, жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Өте қуаныштымыз, алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз үшін халықаралық ареналарда Қазақстанның әнұранын айтып, туын көтеру – үлкен абырой, - дейді Аружан Шамшина.

Күтіп алушылар ел абыройын асқақтатып, жанкүйерлер мен жаттықтырушылардың үмітін ақтаған спортшыларға лайықты құрмет көрсетті.

Спортшыларымыздың барлығы жақсы өнер көрсетті. Осы ретте жастарды бала күнінен спортқа баулыған жаттықтырушыларының еңбегі зор деп білемін. Сондай-ақ қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен елорда әкімдігіне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін, - дейді эстетикалық топтық гимнастикадан Астана қаласы бойынша президенті Ботагөз Амангелдинова.

Өзгелердің жаңалығы