Ескі көліктер қайта қабылданады

28 Желтоқсан 2021, 14:34
2040
Бөлісу:
Ескі көліктер қайта қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5-ші қаңтарынан қайта басталады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді.

Енді 5-ші қаңтардан бастапкөлік қабылдаудың электронды кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет өз жұмысын бастайды.  

2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты, көлік құралының санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта болады.     

 

Көлік санаты 

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

Берілетін өтемақы (теңге) 

М1

72

220 536

М1 (2)

54

165 402

М2, N2, N1

144

441 072

М2, N2, N1 (2)

126

385 938

М3, N3

216

661 608

М3, N3 (2)

198

606 474

 

Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495 жеңіл көлік, 4040 жолаушы  және 8 470 жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға 13,833 млрд теңге қаражат төленді. 

Аймақтар бойынша көлік тапсырудың алдында Шымкент қаласы тұр. Аталған қала тұрғындары 12 068 көлік өткізген. Екінші орында  5175 тапсырған Алматы қаласы және үшінші орында 4788 техника өткізген Тараз қаласы тұр. Үздік төрттікті 3239 бірлік машина тапсырған Қарағанды қаласы жайғасқан. 

Істен шыққан көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарламасы басталғаннан бері қабылдау бекеттері 214 932 көлік құралын кәдеге жаратуға қабылдады. Оның ішінде 194 163 жеңіл автокөлік, 14 590 бірлік жүк техникасы және 6 179 бірлік ауыр салмақтығы машина. Қабылданған техникалардың барлығы Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі.

Қабылдау бекеттерінің мекен-жайлары және электронды кезекке тұру recycle.kz сайтында «Қалықтарды басқару», оның ішінде «Ескі көліктерді қабылдау» бөлімінде орналастырылған. 

Өзгелердің жаңалығы