Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

25 Қазан 2020, 19:01
1100
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет РМК 26 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтан қаласында қалың тұман, қатты көктайғақ, нөсер жауын, 21 м/с екпіндегі жел соғады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жететіні күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады. 

Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде оның күші түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с артуы ықтимал. 

Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. 

Ақмола облысында жауын-шашын (күндіз көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғып, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады. 

26 қазанда күндіз, 27 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады. 27 қазанда екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы