Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

22 Қазан 2019, 21:06
1474
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

23-24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, тұман түсіп, көктайғақ болады. 23 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде желдің күші 15-20, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 24 қазанда желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

23 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде желдің екпіні 18 м/с жетеді.

23 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.


Өзгелердің жаңалығы