Ескерту: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

5 Сәуір 2021, 10:58
1348
Бөлісу:
Ескерту: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Қазгидромедтің дауылды ескертуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.

Жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 5-6 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 5 сәуірге ауған түннен бері қалада жаңбыр жауып жатыр. Таулы жерде қар жаууы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы