Полиция "Қаламгерлер аллеясындағы" Бейімбет Майлиннің ескерткішіне құрметсіздік танытқан бойжеткеннің жеке басын анықтады.
Әлеуметтік желілерде фотосессия жасау кезінде қыздың Бейімбет Майлиннің ескерткішіне шығып алған видеосы тараңан болатын. Осы әрекеті арқылы ол мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқан.
Полиция қызметкерлері 18 жастағы Астана тұрғынын анықтап, "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп жазылған хабарламада.
Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полиция мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын еске салып, мәдениет және тарихи мұра нысандарына ұқыпты әрі құрметпен қарауға шақырды.
Сондай-ақ ескерткіштерді, мәдениет және тарихи мұра нысандарын қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланатыны және заң аясында, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.