Ескендірді еске алу кеші өтті

29 Қазан 2021, 23:26
11442
Бөлісу:
Ескендірді еске алу кеші өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрдің XXI концерттік маусымының ашылуына орай, Халық әртісі, әнші-композитор - Ескендір Хасанғалиевті еске алу кешін өткізді.

Ескендірді еске алу кеші өтті

«Сағындым сені» атты жанды дауыстағы концертте Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин, бас дирижёрі – Дархан Рахымғалиев.

Ескендірді еске алу кеші өтті

Концерттің мақсаты өмірін өнерге арнап, халық жүрегіне тереңінен бойлап, ұмытылмас есті әндерді дүниеге әкелген  әнші-композитор мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан КСР халық артисі - Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевті еске ала отырып, әндерін  көрермендерге ұсыну.

Ескендірді еске алу кеші өтті

Аяулы жары - Дарико Хасанғалиева мен ұлы Біржан Хасанғалиев келіп кештің құрметті қонақтары болды. 

Ескендірді еске алу кеші өтті

Концертте Үрлемелі оркестрмен бірге ҚР еңбек сіңірген әртісі – Майра Ильясова, Қазақстанның Еңбек Сіңірген Қайраткерлері – Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Арайлым Рахымқызы әннен шашу шашты.

Ескендірді еске алу кеші өтті

Ал Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Айдын Жұмабаев, Нұрбол Балапанов, Айгерім Ораз, Парасат Отан, Талғат Аллабиринов, Ақбота Кұснадин, Әкімхан Маженов, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Бақдәулет Джакупов, Аружан Қойшықара және «ALEM» эстрадалық би ансамблі, Ұлттық гвардияның «Құрмет» қарауыл ротасы өнер көрсетіп, көрермендерге керемет кеш сыйлады.

Ескендірді еске алу кеші өтті

«Атамекен», «Ескірмеген махаббат», «Әдемі-ау», «Туған жер», «Елігім еркем» әндерімен халық жүрегінен орын алған дарынды композитор ел есінде мәңгіге қалмақ.

Өзгелердің жаңалығы