Ескендир Насипоглы: Асыл тұқымды итке айрықша көзқарас керек

28 Қараша 2023, 17:00
2241
Бөлісу:
Ескендир Насипоглы: Асыл тұқымды итке айрықша көзқарас керек
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Ескендир Насипоглының ұлты түрік, Оңтүстіктің тумасы.

Қазақы қаймағы бұзылмаған өңірдің барлық азаматы секілді тілі қазақша шыққан. Алайда, орысша мектеп бітірген, ең қызығы жоғары медициналық білімді қазақша алған.

Өзін "Шалдың баласымын" дейді Ескендир.

Атамның шаруашылығы болды, жастайымнан сол шаруаның ішінде өстім. Атқа да, итке де құмарлығым сол балалық кезден басталды. Атам, жарықтық, иттің де, аттың да, тіпті сиырдың да асылын бағатын сері кісі еді, - дейді кейіпкеріміз.

Ескендирмен әңгімеміз негізінен - қазақтың асыл тұқымды иттері - тазы мен төбет жөнінде өрбіді. Осы иттердің тұқымын асылдандыру, елдегі барын тіркеу, ғылыми жолға қою секілді іргелі істермен айналысу бағытында үлкен жұмыс істеліп жатқаны айтылды. 

Президентімізден бастап тазы иттерге көңіл бөліп, оларды сыйлыққа беруі о кісінің асыл тұқымды иттерге айырықша ықыласын көрсетеді. Ендігі міндетіміз осы көзқарасты кеңітіп, тереңдетіп, төбет пен тазыға айрықша көзқарас қалыптастыру, - дейді Ескендир.

Сұхбат қызықты деректерге толы, көріп бағасын беріңіз.

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Бұған дейін "Шаңырақтың" алдыңғы санындағы қонағы - Мәжіліс депутаты Максим Рожин болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы