Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы әлі де ауыр

25 Сәуір 2021, 22:35
3799
Бөлісу:
Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы әлі де ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев ауруханада коронавируспен күресуде. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев БАҚ-қа мәлімет берді.

Ұлының сөзінше, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы кеше кешке күрт нашарлаған.

Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен  халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін, - деді Біржан Хасанғалиев.

Айтуынша, Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып, сауығып келеді.

Естеріңізде болса, үш күн бұрын Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дариконың жансақтау бөліміне түскені айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы