ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

20 Сәуір 2022, 12:43
3345
Бөлісу:
ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 14-29 жас аралығындағы жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы «ESIRTKІGE JOL JOQ» жобасы ашылды. 

Жобаны осымен үшінші жыл Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ  ұйымдастырып отыр.

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

«Астана жастары» КММ жастар ресурстық ортылығы басшысының орынбасары Аян Ерментаевтың айтуынша, жастардың бос уақытын тиімді жоспарлау мақсатында бұл шара игі дәстүрге айналған. 

Жастардың барлығында тиімді әдет қалыптастыру мақсатында жоба жұмысын қайта бастап отырмыз. Есірткіні қолданудың алдын алу мақсатында көрмелер мен бейнероликтер БАҚ арқылы жастарға түсіндіру жұмыстары мен рейдтік шаралар ұйымдастырылады, - деді Ерментаев. 

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Оның айтуынша, шара аясында 50 мыңға жуық жасты қамту жоспарланып отыр. 

«Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында студент және оқушы жастар арасында семинар, тренингтер өткізіледі. Сондай-ақ қазір синтетикалық заттарды қолдану қаупі өте жоғары. Жастар әлеуметтік желі мен телеграм арналары арқылы теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан оның алдын алу мақсатында жастармен тығыз, белсенді жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз, - деді ол.

Өз кезегінде есірткінің алдын алу бойынша жастармен жұмыс істейтін психолог Александр Грищук 3 жыл бойы қазақстандық тәуелді жастарды емдеумен айналысып келеді. Ол - Украинадан келген маман. Грищуктің айтуынша, бұл жұмыста тек нәтижеге бой түзеу керек. 

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Жоба жалпы 1 жылға жоспарланған. Біз оның аясында жастармен жеке әңгімелесулер өткіземіз. Бұл мектеп, университетте оқитын жасөспірімдер мен жастарды қамтид. Мен психолог ретінде тәуелділікке бейім адамдарды анықтаймын. Олардың нашақорлық ортаға еніп кетпеуі үшін туыстары мен баланың өзімен жеке консультациялар өткіземіз, - деді ол.

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Психологтің айтуынша, жастар арасында есірткіні қолдануға әртүрлі себеп болуы мүмкін.  

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Тәуелділік неден басталатынына келсек, сенімсіздіктен тууы мүмкін. Қаржы жетіспегенде және өзімен жасты жасөспірімдермен тіл табыса алмауы да себепке айналуы мүмкін. Жастардың қандай отбасыдан шыққаны да маңызды. Ата-анасы ішімдікке әуес, үйде зорлық-зомбылық көрген жастар тәуелділікке бейім болады, - деді психолог. 

Жоба 2022 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін ай сайын жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіден бас тарту идеясын насихаттайтын іс-шаралардың кешені ретінде өткізіледі.

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Әр кезеңде еріктілер полиция қызметкерлерімен, «Ренессанс» оңалту орталығының психологтарымен және «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы қызметкерлерімен бірге рейдтерге қатысады. 

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Сондай-ақ елорданың белсенді жастары үшін тренингтер өткізіледі, «Сенің өміріңнің ырғағы» акциясы аясында сурет конкурстары, БАҚ журналистер арасында «Үздік видео сюжет», «Үздік телевизиялық репортаж», «Үздік радиосюжет», «Баспасөздегі үздік басылым», «Интернет басылымдағы ең үздік мақала» номинациялары бойынша байқау, Instagram әлеуметтік желісінде сурет салу бойынша бейнероликтер байқауы және есірткіні тұтынуға теріс көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған спорттық челлендж жоспарлануда. 

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен жылдың соңында марапатталады.

ESIRTKІGE JOL JOQ. Елордада нашақорлыққа қарсы акция басталды

Жобаның ашылу салтанаты кезеңінде «Дейін және кейін» фотокөрме ұйымдастырылды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы