Мені толғандырып жүрген мәселе: Дариға Назарбаева есірткіге әуес адамдар туралы айтты

30 Сәуір 2020, 15:32
2673
Бөлісу:
Мені толғандырып жүрген мәселе: Дариға Назарбаева есірткіге әуес адамдар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында спикер Дариға Назарбаева елдегі нашақорлық мәселесін қозғады.

Алдымен нашақорлық туралы мәселені депутат Андрей Лукин көтерді. Ол тақырып бойынша үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. 

Нашақорлық проблемасы бүгінде халықтың денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне жаһандық қауіп төндіруде. Нашақорлықтың елдегі ахуалы жастардың физикалық және моральдық денсаулығына және оның маңызды бөлігінің болашағына, Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығына күмән келтіреді, - деді депутат.

 Ол үкіметті және қоғамды нашақорлыққа қарсы жедел шаралар қабылдауға шақырды. Лукин барлық аймақта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың жаңа құрамын, оның ішінде мәслихат депутаттары мен ҮЕҰ өкілдерін бекітуді ұсынды.

 Сонымен қатар, Андрей Лукиннің айтуынша, есірткіге қатысты сайттардың жарнамасын таратуға қарсы жұмыстарды күшейту және жетілдіру керектігін айтты.

Осы ретте Сенат төрағасы Дариға Назарбаева атап өткендей, Қазақстанда нашақорлықтың 300 мың жағдайы тіркелгенін атап өтті.

Мені толғандырып жүрген мәселерге тоқталайын. Бізде есірткіге тәуелділік тақырыбы көп айтылмайды. Сондықтан бұл мәселе жоқ сияқты көрінеді. Шын мәнінде бұл еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Профильдік комитет осы мәселемен айналысатын болса дұрыс еді. Мәселен, оңалту орталықтарына барып, емнің қалай жүретінін, орталықтардың жағдайы, көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы білгені дұрыс. Науқастардың қанша пайызы емделіп, жазылып шықты, қаншасы қайтадан орталыққа баруға мәжбүр болды. Осының бәрін білу керек. Одан бөлек, профилактикалық жұмыс қажет. Әрине, бұл адамдарды емдеп, олардың бұрынғыдай қалыпты өміріне оралғанын ойлау керек. Бұл өте маңызды, түйінді мәселе. Міне, тағы бір жұмыс басталды. Ескірткімен әлем елдері күресіп жатыр, бірақ әзірге сәтсіз, - дейді Дариға Назарбаева.
Бұған дейін бүгін Сенаттың жалпы отырысында қандастардың азаматтық алуын жеңілдететін заңды қабылдады.
Өзгелердің жаңалығы