Есірткі тасыған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

22 Қаңтар 2021, 22:38
1146
Бөлісу:
Есірткі тасыған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйымдасқан қылмыстық топқа сегіз адам кірген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті  баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары есірткі саудасымен айналысқаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. 
Бұрын сотталған 64 жастағы павлодарлық 2019 жылдың шілдесінде сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ құрған. Оның бесеуі - ұйымдастырушының туыстары. Топ еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодарға есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Кезекті партияны сатуға әрекет жасаған кезде ҰҚТ қатысушыларын жедел уәкілдер ұстады. ҰҚТ мүшелерінен заңсыз айналымнан 200 килограмм марихуана, аса ірі мөлшердегі гашиш және героин, сондай-ақ «Браунинг» маркалы атыс қаруы тәркіленді, - деді Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полиция барлық сегіз адамның аса ірі көлемде есірткі сатқаны, ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны, сондай-ақ атыс қаруын сақтағаны үшін сот үкімімен 16-18 жылға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы