Күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайы: Есін жиды, бірақ өкпесі жұмыс істемейді

29 Қазан 2019, 16:28
2960
Бөлісу:
Күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайы: Есін жиды, бірақ өкпесі жұмыс істемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада күйеуі өртеп жіберген әйел есін жиды, бірақ жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, қазіргі уақытта реанимацияда. Бұл туралы Тengrinews.kz сайты хабарлады.

"6 қазан күні денесінің 75%-ы термиялық күйік шалып, шұғыл түрде түскен әйелдің жағдайы бүйрек пен тыныс алу жетіспеушілігінен және септикотоксемия есебінен әлі де болса ауыр болып қалып отыр", - деді Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметінде.   
Орталықта әйел 23 қазан күні есін жиғанын айтады. "Бірақ бұл оның жағдайы жақсарып келе жатыр деген сөз емес" дейді дәрігерлер. 

"Жағдайы ауыр. Өйткені күйік шалудың өзі 3 стадиядан тұрады. Әйел сол 3-інші стадияда. Пациенттің есін жиғаны оның жағдайы жақсарып келе жатыр дегенді білдірмейді. Тәуір болып кетті немесе толық емделіп шықты деген сөз емес. Бүйрегі жұмыс істемейді, енді өкпесі жұмыс істемей жатыр. Оның туыстары келді. Кіруге рұқсат бердік. Туыстарын таныды. Бұл да бір жақсылықтың нышаны", - деді орталықта.
Естеріңізге сала кетейік, ер адам әйеліне бензин құйып өртеп жіберген болатын.

Өзгелердің жаңалығы