Әйеліне бензин құйып өртеп жіберген ер адам ұсталды

7 Қазан 2019, 13:05
2354
Бөлісу:
Әйеліне бензин құйып өртеп жіберген ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс оқиға 6 қазан күні 11.30 шамасында Нұр-Сұлтан қаласында болған.

Елордалық полиция департаментінің деректеріне сүйенсек, 6 қазан күні сағат 11.40 шамасында полиция бөліміне қоғамдық көлік аялдамасында (Мамандандырылған ХҚКО ауданы) денесін күйік шалған әйелдің отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел дереу ауруханаға жатқызылды. 

«Аталмыш дерекке сәйкес, полицейлер күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің 43 жастағы күйеуін ұстады. Кейіннен белгілі болғандай, отбасылық ұрыс-керіс барысында ер адам әйелін адам аз жүретін жерге апарып үсті-басына бензин құйып, өртеп жіберген», - делінген ведомство хабарламасында.

Өміріне қастандық жасау, өлтірмек болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті жасаған қылмысын мойындады. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.


 

Өзгелердің жаңалығы