Есілдегі мұздың қалыңдығы қауіпті: ТЖМ тұрғындарды сақ болуға шақырды

Құтқарушылар Есіл өзенінің мұзына шығуға әлі ерте екенін ескертті.

 ТЖМ баспасөз қызметі 22 Қараша 2026, 21:23
22 Қараша 2026, 21:23
80
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Астанада су айдындарында мұз қату кезеңінің басталуына байланысты ауқымды профилактикалық рейд өткізілді. Есіл өзенінің жағасында құтқарушылар тұрғындарға жұқа мұз үстіне шығудың қауіптілігін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мұздың үстіне қауіпсіз шығу үшін оның қалыңдығы кемінде 25 см болуы тиіс екенін ескертеді.

Жұқа мұз үстіне шығуға, жарықтар мен ашық су айдындарына жақындауға, мұз үстінде топтасып тұруға және от жағуға тыйым салынады. Қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және мұз қату кезеңінде су айдындарында барынша сақ болуға шақырады. 

Наверх