Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс аумағындағы төтенше жағдай бәрімізге үлкен міндет жүктейді. Су тасқыны қиындықтарын азайту үшін біраз жұмыстар атқарылуда. Сергеев су қоймасының толымдылығы 182%-ды құрайды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. Су қоймасына толып кету 425 см құрайды, - деп атап өтті ТЖД өкілі.
Айтуынша, бұл 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қаупін тудырады.
Су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде. Облыс аумағының 30%-ы қармен жабылған. 219 елді мекенді су басу қаупі сақталуда. 102 үйдің 75-і су астында қалады. 360 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. 173 үй аумағын су басқан, - деді Мұрат Қанғожинов.
Сондай-ақ облысқа Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ұлытау және Павлодар облыстарынан ТЖМ күштері жеке құрамның 266 адамы, 34 бірлік техника, 62 мотопомпалар және 15 жүзу құралдары, Қорғаныс министрлігінің бөлімшесі жеке құрамның 313 адамы және 16 бірлік техника келген. Олар Петропавл қаласында және облыс аудандарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.
Қолда бар ауыр техника аудандарға берілді. Бекітілген техника ұйымдарға қосымша жұмылдырылады. Жолдарда 59 су тасуы тіркелген, олардың 16-сы белсенді. Жол төсемінің 7 учаскесі ашылды. Су айдау жұмыстары жүргізілуде (487 мың текше метр.). 182 шақырым арық тазартылды, кеңейтілді және тереңдетілді. 111 км канал тазартылып, 80 мың дана қаптар дайындалды, оның 43 мың данасы төселді. 1589 адам және 201 бірлік техника, 134 мотопомпалар және 22 жүзу құралдары жұмылдырылды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының елді мекендерінің айналасындағы қорғаныш үйінділерін нығайту жұмыстары жүргізілуде, - деді спикер.