"Есі сау ма?". Бишімбаевтың көріпкелмен не туралы сөйлескені белгілі болды

23 Сәуір 2024, 13:17
1951
Бөлісу:
"Есі сау ма?". Бишімбаевтың көріпкелмен не туралы сөйлескені белгілі болды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сот отырысында Бишімбаев пен шымкенттік көріпкелдің жазбасы оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот барысында судья күдікті Бишімбаевтың Гүлнар есімді көріпкелге жазылған жазбаларын оқыды. Онда Бишімбаев көріпкелден қайғылы оқиға болған күні «онда бәрі жақсы ма, ол ұйықтап жатыр ма» деп жазған. Ал көріпкел Нүкенованың жағдайы жақсы екенін, таңға дейін ұйықтайтынын жеткізген. Ал кешкі 19:24 уақыт кеткенде одан «есі сау ма?» деген жазба қалдырған. Көріпкел «сау» деп жауап берген.

Аталмыш жазба Нүкенованың қорғаушыларын ашуландырды. Олардың сөзінше, әйелінің сол уақыттағы қалпына абдыраған Бишімбаев бір сәтте жұмыс бойынша басқа да жазбаларға емін-еркін салқынқанды жауап берген.

Ал Бишімбаев жазбаға қатысты былай түсініктеме берді.

Бұл сол тамыр соғысының жоқтығын байқаған сәтте жазған жазбам болу керек, - деді ол.

Осыған дейін Бишімбаев пен Нүкенова арасындағы жазылған жазбалардың оқылғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы