Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 2023 жылғы 8 маусымнан бастап веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
QR-коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:
- "Жүйеге кіру" - "QR көмегімен кіру" түймесін басыңыз;
- Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;
- EGov mobile басты бетінде "eGov QR" түймесін басыңыз;
- ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, қол қойыңыз, содан кейін экранда "қол қою сәтті орындалды!» хабарламасы көрсетіледі.
Әрі қарай логин мен парольді енгізу қажет.
Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.