Есеп комитетінің мүшесі Сенаттағы қызметінен босатылды

9 Қыркүйек 2021, 10:36
3167
Бөлісу:
Есеп комитетінің мүшесі Сенаттағы қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат шешімімен Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан қызметінен босатылды.

Қаржы және бюджет комитеті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Сенат тағайындаған мүшесі Жақан Талғат Амангелдіұлының Есеп комитеті туралы ереженің 19-тармағының 19-тармақшасына және 27-тармағына сәйкес Парламент Сенатына енгізілген өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы ұсынысын қарады, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина.
Есеп комитетінің мүшесі Сенаттағы қызметінен босатылды

Айтуынша, Талғат Амангелдіұлы Парламент Сенатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі Қаулысымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалған.

Есеп комитетінде жұмыс істеген уақытында өзін жауапты және білікті басшы ретінде көрсетті. Оның басшылығымен ұлттық холдингтер мен компаниялардың, Ұлттық қордың тиімділігіне аудит жүргізілді. Биыл 31 тамызда Талғат Амангелдіұлы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш берді, - деп айтты Ольга Перепечина.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қаржы және бюджет комитеті Сенат регламентінің 81-1-тармағын басшылыққа ала отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Жақан Талғат Амангелдіұлының өкілеттігін тоқтатуды және қызметінен босатуды ұсынды.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Өзгелердің жаңалығы