Есеп комитеті «Astana HUB» 5 майнингтік фирмаға салықтық жеңілдіктер жасағанын анықтады

14 Сәуір 2022, 19:03
1570
Бөлісу:
Есеп комитеті «Astana HUB» 5 майнингтік фирмаға салықтық жеңілдіктер жасағанын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . «Astana HUB» IT технопаркіне майнингпен айналысатын компаниялар кірмес үшін заңды өзгерту керек. Бұл жөнінде Зерде холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов айтты, деп хабарлады «Хабар 24».

Өйткені осыдан 2 жыл бұрын осындай компанияларды қолдауға басымдық берілген. Алайда қазір бұл саясаттың тиімділігіне депутаттар күмән келтіріп отыр. 

Есеп комитеті «Astana HUB» 5 майнингтік фирмаға жеңілдіктер жасағанын анықтады. Соның нәтижесінде бұл компаниялар  8,5 млрд теңге көлеміндегі салықтық төлемдерден босатылған.

Болашақта мұндай компаниялар кірмес үшін «Astana HUB» резиденттері болмас үшін  заңды өзгерту керек. Сондықтан цифрлық министрлікке осындай сұраныс жіберіп, заңмен келіспеушілігін көрсетіп  осы ақпаратты жеткіздік. Цифрлық министрліктің өздері шешім қабылдайды, – деді «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов.

Өзгелердің жаңалығы