Ержан Максим қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс айтты

25 Қараша 2019, 10:49
10834
Бөлісу:
Ержан Максим қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польшада өткен Junior Eurovision-2019 ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим дауыс берген барша қазақстандықтарға алғыс айтты.

Құрметті менің достарым, апа-ағаларым, ата-әжелерім. Маған дауыс бергендеріңізге көп-көп рахметімді айтқам келеді. Осы жеңіске сіздердің арқаларыңыз. Мен сіздерді қатты жақсы көремін, - деді ол. 


 

Сонымен қатар, Ержан Максим Іnstagram-дағы парақшасына жанкүйерлерінің зор құрметпен қарсы алған видеосын да жариялаған екен.

 


 

 

Естеріңізге сала кетейік, Junior Eurovision-2019 ән байқауында бақ сынаған қазақстандық қатысушы Ержан Максим екінші орын алған еді.


 

Өзгелердің жаңалығы